05.12.2012, 19:07 3179

Шымкенттегі мәжілісте "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолы бойында туристік кластер құру мәселесі талқыланады

Сәрсенбі, 5 желтоқсан күні Шымкентте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Шымкент. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттегі мәжілісте "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" жолы бойында туристік кластер құру мәселесі талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәрсенбі, 5 желтоқсан күні Шымкентте ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі бойында туристік кластер құру мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізеді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мәжіліске Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары, туризм саласындағы мүдделі құрылымдық бөлімше өкілдері, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, ҚР Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, "Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстан мемлекеттік- жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ өкілдері қатысады.

Мәжілісте көлік дәлізі бойында жол маңы инфрақұрылымы нысандарын салуға байланысты жер, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, несие беру мәселелері талқыланады.

"Аталмыш халықаралық тас жолдағы туристік қызмет туристердің елде еркін жүруіне және мыңдаған жаңа қазақстандық кәсіпорынның ашылуына ықпал етеді", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны