03.01.2018, 14:22 5063

Шымкенттегі шатқалдарға биыл 55 мыӊ жасыл желек егілді

Өткен жылы қолға алынған "Шатқал" бағдарламасы аясында биыл Шымкенттегі жеті шатқалда 55 мыӊға жуық көшет отырғызылды.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today -Өткен жылы қолға алынған "Шатқал" бағдарламасы аясында биыл Шымкенттегі жеті шатқалда 55 мыӊға жуық көшет отырғызылды. Сонымен қатар, аталған шатқалдардағы жиырма алты мыӊнан астам текше метр жер көгалдандырылды. Ал көшеттердіӊ жайқалып өсуі үшін жыл басынан бері он жеті ұӊғыма қазылып, жиырма алты су қоймасы жасалды. Сол арқылы 30 шақырымға жуық суғару жүйесі тартылып, он алты шақырым болатын шатқал аумағы қоршалды.

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев және ерікті жастар мен қала тұрғындары бірлесе аумағы 38 гектар жерді құрайтын "Самал" шатқалында қарағаш көшеттерін отырғызды.

Ағаш отырғызу - қасиетті де ұлағатты іс екенін айтқан аймақ басшысы аталған демалыс орындары өӊір тұрғындарыныӊ таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ол саябақтардыӊ тазалығы мен дамуына бірлесе күш салу қажеттігін атап өтіп, болашақта жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, оныӊ бойынан сауда орындары салынатынын да жеткізді.

"Самал" шатқалында құрылған күннен бері емен, айлант, үйеӊкі, шаған, боз арша, аққайыӊ, қарағаш сынды 11 мыӊнан астам көшет отырғызылған болса, бүгін жүз түптен астам қарағаш көшеті егілді. Мұнда суғаруға арналған жеті бөшке мен бес тік су ұӊғымасы бар. Шатқалда бес адам тұрақты жұмыс істейді.

Қазіргі таӊда Шымкент қаласында Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаевтыӊ бастамасымен қолға алынған жобалардыӊ бірі - "Шатқал" бағдарламасы сәтті жүргізіліп келеді. Содан бері бос жатқан сай-салаға көшеттер егіліп, саябаққа айналуда.

Жалпы Шымкент қаласындағы жеті шатқалдыӊ жалпы аумағы 124 гектар жерді құрап отыр. Осы шатқалдарда бүгінде тамшылатып суғару жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, көшеттерді күтіп-баптау үшін әрбір шатқалда тұрақты мамандар жұмыс істейді. Жалпы егілген көшеттердіӊ өнімділігі 75 пайызды құрайды. Оныӊ арасында табиғи қурау процесі бар. Мамандардыӊ айтуынша, бұл жоғары өнімділікті көрсетеді.

Алдағы уақытта "Нұрсәт" шағынауданындағы Қасірет мемориалы тұсында, "Қайтпас-2" шағындаудандағы Ипподром маӊында және "Бозарық", "Бозарық-2", "Таскен" шағынаудандарында, Алматы-Ташкент бағытында жалпы аумағы 690 гектарға жуық шатқалдар аумағына көшеттер отырғызылатын болады.

Айта кетейік, бүгінде Оӊтүстік Қазақстан облысы көлемінде "Шатқал" бағдарламасымен 400 мыӊ түптен астам жасыл желек егілген, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны