21.07.2015, 12:34 3443

Шымкенттегі төбелес: полиция қызметкері ешқандай әрекет етпегені үшін қамауға алынды

Шымкент қаласындағы түнгі клубтыӊ жанында болған төбелес кезінде 1994 жылы туған Шымкент тұрғыны көз жұмды. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде

Шымкент. 21 Шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы түнгі клубтыӊ жанында болған төбелес кезінде 1994 жылы туған Шымкент тұрғыны көз жұмды. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Биылғы жылдыӊ 19 шілдесі күні түнгі сағат 02.45 шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-ніӊ кезекші бөліміне түнгі клубтыӊ жанында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы көкірек тұсына қарудан жарақат алған жас азаматтыӊ денесін табады. Полицейлер өлген адамныӊ түр-тұлғасын анықтады, ол Шымкент қаласыныӊ 1994 жылы туған тұрғыны болып шықты. Жедел ізкесушілер 21 жастағы жергілікті тұрғынды белгісіз біреу төбелес кезінде травматикалық қарумен атып, оқиға орнынан бой тасалағанын анықтады", - делінген ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы таратқан ақпаратта.

ҚР ҚК-ніӊ 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп алынды.

Тексеру барысында анықталғандай, ойын-сауық кешенініӊ қонақтары арасында туындаған жанжал салдарынан қылмыс орын алған, яғни травматикалық қарудан алған жарақат салдарынан жас жігіт қайтыс болған.

Полицейлер қылмыстық іс шеӊберінде қажетті жедел-тергеу іс-шараларын атқаруда. Кісі өлімі болған кезде клубта 100-ден аса адам болған. Барлығынан сұрақ-жауап алынды.

Бүгінгі таӊда 4 адам қамауға алынды, оныӊ үшеуіне қатысты екеуі 1987 ж.т. және 1990 ж.т. азаматтардыӊ үстінен ҚР ҚК-ніӊ 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 1986 ж.т. полиция қызметкерініӊ үстінен осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол оқиға орнында болып, қылмыстыӊ алдын алу үшін ешқандай әрекет етпегені үшін қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таӊда полицейлер оқ атқан күдіктіні іздестіру үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны