04.01.2007, 14:01 3291

Шымкенттік бастамашылар Варшавадағы кинофестивальда Высоцкий туралы фильм көрсетеді

ШЫМКЕНТ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкенттік бастамашылар Варшавада өтетін халықаралық фестиваль-байқауда Владимир Высоцкийге ескерткіш ретінде деректі фильмдер көрсетеді, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстандағы В. Высоцкийдің жалғыз жекеменшік мұражайының ұйымдастырушысы Павел Кузнецов.

Высоцкийге ескерткіш түріндегі деректі фильмдердің халықаралық фестивалі 25 қаңтарда өтеді. П. Кузнецовтың сөзіне сүйенсек, фестивальді ұйымдастырушылар шымкенттіктерді өздері тауып алған. "Фестивальді ұйымдастырушылар бізбен Интернет арқылы хабарласты. Олар "Высоцкий Африкада болмаса да, біздің фестивальға Угандадан келіп қатысушылар да бар. Ал сіздер үн-түнсіз жатырсыздар деп кейіді",- дейді П. Кузнецов.

Ол сондай-ақ, польшалық ұйымдастырушылар хабарласқаннан кейін шымкенттік бастамашылар жаңа "Киносфера" киностудиясының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Высоцкийдің Шымкенттегі 1970 жылғы концертінде болған шымкенттіктердің айтулары бойынша жарты сағаттық тегін фильм түсіргендіктерін хабарлады. Фильмге, сонымен қатар, қалалық орталық саябақтағы В. Высоцкийге арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты мен Шымкенттің драма театрында жыл сайын 25 қаңтарда өтетін Высоцкийді еске алу күнінің көріністерінен үзінділер кірген.

Байқау шарттары бойынша, фильм 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін жіберілуі керек. П.Кузнецовқа шымкенттік фильмнің жеткені және байқауға қабылданғандығы туралы растау қағазы келген.

Шымкент қаласының тұрғыны Павел Кузнецов жас кезінен бері Владимир Высоцкийге қатысты топтамалар жинақтаған. 1998 жылы Никита Высоцкий жеке жинақпен танысып, оған жоғары баға берген. Қазіргі уақытта зейнеткер П. Кузнецовтың үйінде Высоцкийге байланысты мыңнан астам заттар, атап айтсақ, суреттер, дыбыс жазбалар, газет, журнал беттеріне шыққан мақалалар, хаттар және т.б. заттар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны