08.09.2009, 16:27 3079

Шымкенттік дәрігерлер тікұшақ апатынан зардап шеккендерді күтіп алу үшін әуежайға қарай шықты

Шымкенттік дәрігерлер тікұшақ апатынан зардап шеккендерді күтіп алу үшін әуежайға қарай шықты

Шымкент. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шымкенттік дәрігерлер тікұшақ апатынан зардап шеккендерді күтіп алу үшін әуежайға қарай шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Апаттық медицина орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың хабарлауынша, құрамында травматолог, реаниматолог пен тағы бір маман бар топ тікұшақ апатынан зардап шеккендер келіп жетті делінген әуежайға қарай шықты. "Бірақ біз оқиғаның анық-қанығын білмейміз, қанша адамның зардап шеккені де белгісіз", - деді орталықтың кезекшісі. Оның айтуынша, зардап шеккендер әуежайдан шымкент ауруханаларына жеткізілуі қажет.

"Бізден оқиға орнына үш топ шыққан, бірақ олар әуежайға жетпей қайта оралды, оларға ішінде жарақаттанғандар бар тікұшақ ұшып кетті деп хабарлаған", - дейді жедел жәрдем станциясындағылар.

Еске сала кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ұғам шатқалы маңында ішінде 13 әскериі бар тікұшақ апатқа ұшырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны