01.08.2018, 01:53 4049

Шымкенттік полицейлер телефон ұрлаумен айналысқан азаматшаны ұстады

Тергеп - тексеру жұмыстары барысында ұсталған азаматшаныӊ телефон ұрлығыныӊ тағы да 2 жайтына қатысы бары анықталды. Ол өз қылмысын қаладағы базарлардыӊ бірінде іске асырған.

Түркістан. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 24 шілдесі күні Шымкент ҚІІБ Абай ПБ - ніӊ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, қаладағы базарлардыӊ бірінде киімініӊ қалтасынан ұялы телефоны қолды болғанын мәлімдеген.

Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеудіӊ біріыӊғай тізіліміне ҚР ҚК - ніӊ "ұрлық" бабымен тіркелді.

Абай ПБ қызметкерлері жүргізген жедел - іздестіру іс - шаралары кезінде 34 жастағы Шымкент қаласыныӊ тұрғыны анықталып ұсталды.

Тергеп - тексеру жұмыстары барысында ұсталған азаматшаныӊ телефон ұрлығыныӊ тағы да 2 жайтына қатысы бары анықталды. Ол өз қылмысын қаладағы базарлардыӊ бірінде іске асырған.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеп - тексеру амалдары жүргізілуде.

Шымкенттік полицейлер, адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, базарларда, ойын- сауық орталықтарында, сондай- ақ қоғамдық көліктерде болған сәттерде өз заттарына өте мұқияттылықпен қарауды, сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.

Егерде Сіз, ұрлықтыӊ құрбаны немесе куәсі болсаӊыз жедел түрде полицияныӊ "102" сымтетігіне хабарлаӊыз!

Түркістан облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны