27.09.2016, 10:01 4639

Шымкенттік студент республикалық "Абай оқулары" байқауынан бірінші орын алды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанныӊ этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі "Абай оқулары" республикалық байқауын өткізді.

Шымкент. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық "Абай оқулары" байқауында І орынды Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ 2 курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Аталған байқау мемлекеттік тілдіӊ қолдану аясын кеӊейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерініӊ ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдыӊ шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасыныӊ басшысы Н.Шарафиев Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтыныӊ 2 курс студенті У.Сайдазимованыӊ жеӊісімен құттықтап, жоғарғы оқу орныныӊ ректоры

О. Аяшевқа құттықтау хат жолдады.

Байқау мемлекеттік тілдіӊ қолдану аясын кеӊейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерініӊ ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатын көздейді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына және Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Қазақстанныӊ этнос жастары өкілдері арасында дәстүрлі "Абай оқулары" республикалық байқауын өткізді.

"Абай оқулары" байқауына еліміздіӊ 13 облысынан және Алматы қаласынан облыстық, қалалық деӊгейде өткізілген байқаулардыӊ жеӊімпаздары (барлығы 14 үміткер) қатысты.

Республикалық кезеӊніӊ аясында байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

И Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқыды;

И "Абай жолы" роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындады

И Абай әндерін немесе халық әндерін шырқады.

Байқау қатысушыларыныӊ жұмысы мен жеӊімпаздарын абайтанушы ғалымдар мен тіл жанашырларынан тұратын қазылар алқасы бағалап, анықтады. Оларды диплом, алғыс хаттар және ірі көлемдегі ақшалай сыйлықтармен марапаттады. Сонымен Бас жүлдені жеӊіп алған Нам Любовь Александровна Маӊғыстау облысы 180 000 теӊге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталса, 1-орынды иеленген Сайдазимова Унсунай Муратқызы Оӊтүстік Қазақстан облысы 150 000 теӊгені, 2-орынды иеленген Рызманов Руслан Рустамұлы Қызылорда облысы 120 000 теӊгені, 3-орынды иеленген үміткеріміз Воронцов Сергей Владимирович Солтүстік Қазақстан облысы 100 000 теӊгені қанжығасына байлады. Байқауға белсене қатысқан 4 үміткерге алғыс хаттар беріліп 50 000 теӊге көлемінде ақшалай сыйлық алса, қалған үміткерлер қатысқаны үшін 20 000 теӊге көлемінде ақшалай сыйақы алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны