26.09.2016, 10:25 4017

Шымкенттіктер қала күні мерекесін дүркірете тойлады

Пайда болғанына 2200 жыл өтсе де, бұл шаһар жыл сайын түлеп-түрленіп, өзініӊ жаӊа қырларын танытып, әр таӊ сайын жаӊа белестерге ұмтылған әрі көне әрі жас балаусадай қала. Қаламыз Еуразияныӊ кіндігінен орын тепкен, бүкіл әлемге әйгілі Астанаға қарап бой түзеп, жаӊару, өзгеру, жаӊа белеске бой алдыру кезеӊіне қадам басты.

Шымкент. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы - Шымкентте қала күні мерекесі айрықша тойланып жатыр. Апта бұрын сенбілікпен басталған мерекелік шара бүгін думанға ұласты, деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Негізгі сауық-сайранды "Қазына" этнотарихи кешенінде өткізіп жатқан жұртшылық Наурыз алаӊындағы монументті айналдыра ақ шаӊқай киіз үйлер тікті. Ал этноауылдағы шығармашылық ұжым келушілерге концерттік бағдарлама ұсынуда.

Мұнан бөлек, қаланыӊ өткенінен сыр шертетін сурет пен ұлттық қолөнер бұйымдарыныӊ көрмесі де өтуде. Еӊ негізгісі - қолыныӊ қиюы бар шеберлер жақында ғана бекіген қаланыӊ логотипін түрлі жеміс-жидектер мен көкөністерден жасап шығыпты.

Жалпы аумағы 117 мыӊ гектар жерді алып жатқан Шымқала шығыс бағытта дамып келеді. Енді ғимараттары хайтек стилінде салынатын жаӊа ықшамаудан бой көтеріп жатыр.

Жеті күнге созылған мерекелік шараныӊ көрігін атшабардағы ұлттық ойындар қыздыра түсті. Білекті жігіттер жамбы атып, теӊге ілді һәм көкпар шапты. Қыз қуудан да құр қалған жоқ.

Шаһарлықтардыӊ қала күнін тойлауы түнге дейін жалғаспақ. Кешқұрым елімізге белгілі өнер жұлдыздарыныӊ қатысуымен гала-концерт өтіп, отшашулар болады деп күтілуде.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент тұрғындарын қала күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде былай деді: "Қадірлі Шымкенттіктер және қала қонақтары! Ескі мен жаӊаны үндестірген Шымкент шаһарымыздыӊ бүгін атаулы мерекесі. Тарихтыӊ талай сәттеріне куә қаламыз бүгінде тағы бір жасқа есейді. Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Шымкент шежіресі көне, саяси экономикалық беделі - жас қала. Олай дейтінім, сүрленген тарихы тереӊ қаланыӊ бүгінде заманауи келбеті қалыптасуда. Пайда болғанына 2200 жыл өтсе де, бұл шаһар жыл сайын түлеп-түрленіп, өзініӊ жаӊа қырларын танытып, әр таӊ сайын жаӊа белестерге ұмтылған әрі көне әрі жас балаусадай қала. Қаламыз Еуразияныӊ кіндігінен орын тепкен, бүкіл әлемге әйгілі Астанаға қарап бой түзеп, жаӊару, өзгеру, жаӊа белеске бой алдыру кезеӊіне қадам басты".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны