29.12.2009, 14:47 3187

Шымкенттің 2010 жылғы бюджеті 2009 жылмен салыстырғанда екі есе қысқартылған

Шымкенттің 2010 жылғы бюджеті 2009 жылмен салыстырғанда екі есе қысқартылған

Шымкент. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттің 2010 жылға арналған бюджеті 2009 жылмен салыстырғанда екі есе қысқартылған көлемде бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қалалық мәслихаттың өткен сессиясында депутаттар келесі жылға арналған қаланың бюджетін 17 млрд 726 млн теңге көлемінде бекітті. Ағымдағы жылдың бюджеті шамамен 37 млрд теңгені құрайды.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 2009 жылы қаланың өз кірісінің көлемі 17 млрд 122 млн теңге болған. Келесі жылғы кіріс те осы деңгейде жоспарланып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысының 2010 жылға арналған бюджеті, қалалар мен аудандардың өз бюджеттерін ескермегенде, 159 млрд 486 млн теңге көлемінде жоспарланған, соның ішінде 146 млрд 738 млн теңгесі - республикалық бюджеттің трансферттері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны