06.05.2008, 10:43 1402

Шымкенттің әкімдігі бұзылған нысандар үшін биылғы жылы өтемақы бере алмайды- әкімдік

Шымкенттің әкімдігі бұзылған нысандар үшін биылғы жылы өтемақы бере алмайды- әкімдік

Шымкент. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шымкент қаласы бюджетінің тапшылығы бұзылған нысандар үшін өтемақыны төлеуге мүмкіндік бермейді. Бұл туралы кеше кәсіпкерлермен кездескен қала әкімінің орынбасары Нұрғали Білісбеков хабарлады.

Кәсіпкер Роза Тұрғанованың айтуынша, бүгінгі кезде жергілікті билік өкілдері тарапынан сот орындарына саябақта және тағы да басқа орындарда орналасқан оншақты коммерциялық нысанды бұзу жөнінде шағымдардың түсірілгендігі жөнінде хабарлады.

"Облыстық прокуратураның бізге түсіндіргеніндей, егер нысан иесінің қолында барлық рұқсат қағаздары болатын болса, онда оған өтемақы төленуі тиіс", - деді Р. Тұрғанова.

Икімнің орынбасары Н. Білісбеков "заң бойынша өтемақы беріледі, бірақ әкімдік тарапынан қазіргі күні төлемақыны беретін жағдай жоқ", деп хабарлады.

"Бүгінде былтырғы жылғы берешекті ескергенде, қала бюджетінің тапшылығы 10 миллиард теңгені құрайды, сондықтан бұзылған нысандар бойынша өтемақының берілуі екіталай ", - деді Н. Білісбеков.

Шымкенттің биылғы жылға бекітілген бюджеті 26 млрд теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны