15.04.2008, 18:17 8097

Шымкенттің "Қуат жылу орталық" МКК қызметкерлері еңбек ақыларын беруді талап етуде -телеарна

Шымкенттің "Қуат жылу орталық" МКК қызметкерлері еңбек ақыларын беруді талап етуде -телеарна

Шымкент. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенттің "Қуат жылу орталық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері екі айдан бері берілмей отырған еңбек ақыларын беруді талап етуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарна журналистерінің ақпараты бойынша, бүгін Шымкенттің жылу орталығы тұтынушылардың үштен бірін жылумен қамтамасыз етіп отырған ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 жылу желілеріне қызмет көрсетіп отырған "Қуат жылу орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 20 аса қызметкері шағымданды. Жұмысшылар 120 қызметкердің атынан оларға еңбекақы төленбеуіне байланысты наразылық акциясын өткізуге бел байлап отырғанын мәлімдеді.

"Жылуды беру керек болғанда біз тәулік бойы, сенбі, жексенбі күндерінде жұмыс істедік. Ол кезде бізге төлеп жатыр ма, жоқ па, оған қараған жоқпыз. Ал енді еңбекақы үнемі кешіктіріліп отырады. Өткен жылдың қараша айынан бері бюджеттік қаржыландыруға көшкелі, қаржы уақтылы берілмей отыр. Кейбіреулер шалғайда тұрады, сондай олар қандай ақшаға келеді, қалай өмір сүреді?" - деді "Қуат жылу орталық" МКК қызметкерлері.

Журналистердің айтуынша, кәсіпорын басшылығы еңбекақының қандай себептермен уақытылы берілмей отырғаны жөнінде нақты түсініктеме бермеді. Бірақ жақын уақытта жағдай өзгеріп, бәрі қалпына келеді деп сендірді.

Алайда қызметкерлер ондай уәдені қанағат тұтпай жұмыс орындарына қайтпады. Текетірес мәселесі қалалық әкімдікте қаралатын болып, онда "Қуат жылу орталығы" кәсіпорын басшылығы мен жұмысшылар ұжымының өкілдері кетті. Келіссөздердің қорытындысы әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны