17.04.2008, 16:50 3319

Шымкенттің тасымалдаушылары қоғамдық көліктердің тарифтерін көтеруді талап етуде -телеарна

Шымкенттің тасымалдаушылары қоғамдық көліктердің тарифтерін көтеруді талап етуде -телеарна

Шымкент. 17 сәуір. "Казахстан Сегодня" - Шымкенттің тасымалдаушылары қоғамдық көліктердің тарифтерін 30-50 % көтеруді талап етуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі жергілікті "Отырар" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның ақпараты бойынша, к тасымалдаушы өкілдері "Южавтотранс" қауымдастығының мүшелері қала әкіміне маршруттық такси мен автобустарда жол жүру тарифтерін көтеру қажеттігі жөнінде хат жолдады.

Хатта айтылғанындай, жол жүру құны бәрібір көтеріледі. Тасымалдаушылардың айтуынша, бүгінгі күні белгіленген тарифтер шығын көлемін өтемейді. Көлік тасымалдаушылары сондай-ақ инфляция мен жанар- жағар май бағасының көтерілуін алға тартып отыр.

Көлік компаниялары өкілдерінің пікірінше, автобустардың тарифтері 30 теңгеден 40-45 теңгеге дейін көтерілуі керек, ал маршруттық таксилердің бағалары 40 теңгенің орнына 50-55 теңгені құрау керек.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2006-2007 жылдары жергілікті билік қоғамдық көліктерді жаңартып, жол бағыттарынан "ГАЗельдерді"алып тастап, орнына сыйымдылығы үлкен автобустарды қоймақшы болған. Сондай-ақ, автобустарда төлем төлеудің кондукторлық жүйесінің орнына электронды карточкаларын қоюды көздеген. Алайда, бұның бәрі жүзеге аспай, жоспар күйінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны