12.06.2008, 10:16 1425

Шыңғыс Айтматовтың мәйіті Германиядан Қырғызстанға бүгін кешке жеткізіледі

Шыңғыс Айтматовтың мәйіті Германиядан Қырғызстанға бүгін кешке жеткізіледі

Бішкек. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шыңғыс Айтматовтың мәйіті Германиядан Қырғызстанға бүгін кешке жеткізіледі, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қырғызстан президентінің әкімшілігінен.

Президент әкімшілігінің хабарлауынша, оны отанына Қырғызстан президентінің тапсырмасымен Германияға бүгін таңертең кеткен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері алып келеді. Бұл іс мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы Нұрұлы Досболға, бірінші вице-премьер Айдаралиев Ескендірбекке және Бішкек мэрі Үсенов Даниярдың мойындарына жүктелген.

Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармонияда 14 маусымда азаматтық қоштасу рәсімі аяқталғаннан кейін Шыңғыс Айтматовтың мүрдесі салынған табыт Қырғызстанның мемлекеттік жалауы ілінген Алатау алаңындағы №1 постының жанына тоқтайды. Бұл жерде бір минут үнсіздік жарияланады да, содан кейін қаралы топ Ата-Бейіт мемориалдық кешеніне қарай бет түзейді. Ол жерде Шыңғыс Айтматовтың денесі өз өтініші бойынша әкесі Төреқұл Айтматовтың бейітінің жанында мәңгілік жер қойнына тапсырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны