18.01.2010, 16:29 3223

Шыңжанда аусылдың А түрі тіркелді

Шыңжанда аусылдың А түрі тіркелді

Алматы. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының Курля қаласында аусылдың А түрі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 30 желтоқсанында Курля қаласының бір кентінде аусыл жұқтыру мүмкіндігіне қатысты бірнеше оқиға тіркелген, 28 сиыр ауырған, бірақ мал шығыны жоқ. Малдың ауылдың А түрімен ауырғанын сарапшылар 2010 жылдың 12 қаңтарында растады.

Жұқпалы дерттің белең алуы тіркелген соң ауру ошағында оны шоғырландырудың карантиндік шаралары қолданылып, 37 сиыр сойысқа жіберілді., Жаңа оқиға тіркелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны