03.02.2010, 11:41 1425

Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының Байчэн уезінде аусылдың А түрі тіркелді

Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының Байчэн уезінде аусылдың А түрі тіркелді

Алматы. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының Байчэн уезінде аусылдың А түрі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 18 қаңтарында Ақсу округінің құрамына кіретін Байчэн уезінің бір фермасында сиырдың аусыл жұқтыру мүмкіндігіне қатысты бірнеше оқиға тіркелген. Малдың ауылдың А түрімен ауырғанын жергілікті эпизооттияны бақылау және алдын алу орталығы 2010 жылдың 22 қаңтарында растады.

Жұқпалы дерттің белең алуы тіркелген соң ауру ошағында оны шоғырландырудың карантиндік шаралары қолданылып, 169 сиыр сойысқа жіберілді. Жаңа оқиға тіркелген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны