15.01.2008, 16:04 1768

ШҚО 16 қаңтардан бастап электр қуатының мөлшері шектеулі көлемде жіберіледі

"Шығысэнерготрейд" ЖШС ШҚО 16 қаңтардан бастап электр қуатының мөлшері шектеулі көлемде жіберілетінін жариялады

Семей. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Шығысэнерготрейд" ЖШС Шығыс Қазақстан облысында 16 қаңтардан бастап электр қуатының мөлшерін шектеулі көлемде жіберітіндерін жариялады. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне "Шығысэнерготрейд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) баспасөз қызметінде хабарлады.

"Қазақстан нарығында ауа температурасының төмендеуінен және электр қуатының тұтыну көлемінің өсуіне байланысты туындаған электр қуатының тапшылығына орай, 16 қаңтарда сағат 00.00 бастап тәулікте пайдаланылатын қуат көлеміне шектеу қойылады ", - деп хабаралады баспасөз қызметіндегілер.

Мекемеде айтылғанындай, " электр қуатын сатып алуға және оны тасымалдауға жұмсалатын шығындар мен оның бағалары арасында сәйкестік жоқ". " Қуат көздерін таратушылар жаңа жылдан кейін оның құнын көтерсе, "KEGOK" оның бағасын өткен жылы жоғарлатқан. Біз электр қуатының бағаларын көтере алмаймыз, өйткені оны реттейтін органдар бар. Сөйтіп, компанияның бүгінгі бағадан табатын ақшасы "Шығысэнерготрейд" ЖШС нақты шығындарын жаба алмайды және кәсіпорынның бағаларды реттейтін органдардың шешімінен тәуелсіз стансалардың белгілеген құнымен электр қуатын сатып алуға мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ал 2008 жылдың 9 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжановпен болған кездесуде қуат көздерінің тасымалымен айналысатын компаниялар Шығыс Қазақстан облысының халқын үзіліссіз, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етеміз деп міндеттеме алған болатын. Осы міндеттемелерге байланысты "Шығысэнерготрейд" ЖШС баспасөз қызметі ешқандай түсініктеме бермеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны