10.01.2014, 18:46 12598

ШҚО Аягөз ауданында әкімдіктің тұңғыш Ситуациялық орталығы ашылды

Ситуациялық орталық аудан басшылығына жылдам түрде статистикалық қорытындыны беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталық тәулік бойы қызмет істейді , жүйемен кез келген интернет-құрылғысынан жұмыс істеуге болады. Айта кетерлігі, жүйені қазақстандық құрастырушылар жинады.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. ШҚО Аягөз ауданында Қазақстандағы тұңғыш әкімдіктің "Қала, аудан әкімдігінің ситуациялық орталығы" ашылды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

"Аталмыш орталық ауданның маниторингі мен әлеуметтік-экономикалық сараптамасын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер еніуі мен жүзеге асуын қадағалайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ситуациялық орталық аудан басшылығына жылдам түрде статистикалық қорытындыны беруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, орталық тәулік бойы қызмет істейді , жүйемен кез келген интернет-құрылғысынан жұмыс істеуге болады.

Айта кетерлігі, жүйені қазақстандық құрастырушылар жинады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны