04.01.2013, 15:19 3009

ШҚО әкімдігі мен оңтүстіккореялық компания бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Оңтүстік Кореядағы компаниялардың бірі энергия үнемдейтін технологиялар жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған ресми делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары барысында бұл уағдаластықтар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға бекітілді, деп жазады "Казахстанская правда" басылымы бүгінгі нөмірінде.

Астана. 4-қаңтар.Kazakhstan Today - ШҚО әкімдігі мен оңтүстіккореялық компания бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Оңтүстік Кореядағы компаниялардың бірі энергия үнемдейтін технологиялар жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді. ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған ресми делегацияның Оңтүстік Кореяға сапары барысында бұл уағдаластықтар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға бекітілді, деп жазады "Казахстанская правда" басылымы бүгінгі нөмірінде.

Өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде көмір өнеркәсібіндегі қалдықтарды өңдейтін "жасыл" технологиялар пайдаға жарайды деп күтілуде.

"Бұндай жобалар екі тараптың да бастамасы екені сөзсіз. Қазақстан 2017 жылы өткізбек болып отырған "ЭКСПО-2017" көрмесі де аталмыш жобалардың жүзеге асырылуына негіз болып отыр", - деп атап өтті ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.

Сеулде өткен кездесулер барысында сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында бұғының қанын, Алтай тауының балын өңдейтін зауыт салу мәселесі де сөз болды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны