13.06.2018, 18:45 5123

ШҚО әкімі 60 жылдық мәселеге нүкте қойды

Бұл үйлер 1957 жылы бой көтерген. Жылуды сонау Кеӊес Одағы кезінде жүргізу жоспарланған. Алайда, жылу трассасы сол күйі жетпеген. Облыс әкімініӊ тапсырмасымен мәселеніӊ мән-жайы зерттелініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Челюскин көшесініӊ тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін өзі келген Даниал Ахметов жылу болады деп сендірді.

Өскемен. 13 маусым. Kazakhstan Today - Өскемендегі Аблакетка кентініӊ Челюскин көшесінде орналасқан 2 қабатты алты үйдіӊ тұрғындары 1957 жылдан бері пеш жағумен келеді. 60 жыл бойы шешімін таппаған мәселеге нүктені Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов қойды.

Нина Петровна, Челюскин көшесіндегі 27-ші үйдіӊ жетекшісі, жылдар бойы балтыр сыздатқан мәселені биыл соӊына дейін жеткізуге белді бекем буған. Соӊғы үміт облыс әкімінде болғандықтан, тұрғындардыӊ арызын жазып, басшыныӊ атына хат жолдайды.

- Біз бұл мәселеге нүктені облыс әкімініӊ қойғанын қалаймыз. Осы жылдар ішінде қайда бармадық. Биыл жыл басында қаланыӊ әкімі келіп, шешімі болады деген. Бірақ, тағы да созылып кетті, сондықтан облыс әкіміне арыз жазуға тура келді, - дейді Нина Щука.

Бұл үйлер 1957 жылы бой көтерген. Жылуды сонау Кеӊес Одағы кезінде жүргізу жоспарланған. Алайда, жылу трассасы сол күйі жетпеген. Облыс әкімініӊ тапсырмасымен мәселеніӊ мән-жайы зерттелініп, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Челюскин көшесініӊ тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап беру үшін өзі келген Даниал Ахметов жылу болады деп сендірді.

- Мен сіздерге осы жерге 2-қыркүйек күні келемін деп уәде беремін. Ал жылу үйлерге шекті 1 қыркүйекке дейін тартылады. Жұмыс уақытында аяқталады. Уайымдамаӊыздар! - деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, жұмыстыӊ жалпы сомасы 22 миллион теӊгеге бағаланып отыр. 190,5 метр желі жүргізу жоспарланған, яғни, барлық екі қабатты алты үйдегі 48 пәтер толық жылумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны