02.02.2018, 14:02 8176

ШҚО әкімі: "Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау - Қытай нарығына апаратын төте жол"

Биыл Шығыс Қазақстанда көпбейінді ауыл шаруашылығы зертханасы ашылады. Онда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудыӊ бүкіл жиынтығы жүзеге асырылады. Аймақ басшысыныӊ айтуынша, "Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау - аспан асты елініӊ нарығына апаратын төте жол".

Өскемен. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Биыл Шығыс Қазақстанда көпбейінді ауыл шаруашылығы зертханасы ашылады. Онда халықаралық стандарттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін сұрыптаудыӊ бүкіл жиынтығы жүзеге асырылады. Аймақ басшысыныӊ айтуынша, "Қытайлық стандарттар бойынша сертификаттау - аспан асты елініӊ нарығына апаратын төте жол". Айта кету керек, бұл еліміздегі осы деӊгейдегі жалғыз бірегей зертхана болады.

Зертхананыӊ әлеуетін тиімді пайдалану үшін екі жақтыӊ да мүдделерін ескере отырып, біздіӊ өӊірде барлық қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер бар екенін айта кету керек. Облыс әкімініӊ айтуынша, Өскеменде ашылатын зертхананы "Қытайға шығатын экспорттық қақпа" деп сеніммен айтуға болады.

- Қытай стандарттарына сәйкес сертификаттау - Қытай нарығына есік ашатын кілт. Өйткені, іргемізде 26 млн.-нан астам халқы бар, табысы айтарлықтай жоғары ШҰАР провинциясы орналасқан. Қытайда индустриалды революцияға байланысты халықтыӊ тұтынушылық талғамы өзгеруде. Сол себепті аталмыш провинцияныӊ тұрғындары біздіӊ ауыл шаруашылығы өнімдеріміздіӊ тұтынушысы болады. Сондықтан бұл бірінші кезекте өӊірдіӊ ауыл шаруашылығын дамытуда басым бағыт болуы керек.

Бірегей зертхананы құру үшін облыс әкімдігі жеке тұрған ғимаратты белгіледі. Бүгінгі күні ғимаратты қайта жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттама мен Жол картасы әзірленді. Сонымен қатар Қытайдыӊ инспекция және карантин ғылыми-зерттеу институтыныӊ делегациясы Шығыс Қазақстанға келіп, зертханаға арналған ғимаратты тексерген, облыстыӊ экспорттық әлеуетін зерделеп, Өскемендегі зертханалар желісініӊ бар-жоғын анықтаған.

2019 жылы қытай стандарттары бойынша зертхананыӊ қызмет сапасын аккредитациядан өткізу жоспарлануда, соныӊ арқасында мал және өсімдік шаруашылығыныӊ өнімдерін Қытайға кедергісіз экспорттауға мүмкіндік туады.

Қытай Халық Республикасыныӊ стандарттарына сәйкес аккредитация жүргізу екі елдіӊ стандарттары бойынша айырмашылықтарға байланысты туындайтын кедергілерді жояды, яғни зертханада сыналатын барлық өнімдер қосымша зерттеу жүргізуді қажет етпестен экспортқа жөнелтіледі, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны