05.06.2008, 19:21 2801

ШҚО әкімі "Шығысэнерготрейд" ЖШС басшылығына тұтынушылармен жасалған келісімді біржақты бұзбауға нұсқау берді

ШҚО әкімі "Шығысэнерготрейд" ЖШС басшылығына тұтынушылармен жасалған келісімді біржақты бұзбауға нұсқау берді

Семей. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО әкімі Иділғазы Бергенов "Шығысэнерготрейд" ЖШС басшылығына тұтынушылармен жасалған келісімді біржақты бұзбауға нұсқау берді. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі құлағдар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Ведомство мәліметтеріне сүйенсек, 4 маусымда облыс әкімдігінде облыс басшысы AES компаниясының Қазақстандағы басшылығымен кездескен. Келіссөздер барысында Шығыс Қазақстан облысын энергиямен үздіксіз және қалыпты қамтамасыз ету жағдайы талқыланды.

Сондай-ақ, әкімдік 2 маусымда Астанада ҚР вице-премьері Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысын энергиямен қамтамасыз ету мәселесі бойынша қызығушылық танытқан барлық министрліктер мен ведомстволардың жиналысы болғанын хабарлады.

"Пікір алмасылған, қалыптасқан жағдайдан шығудың нақты тапсырмалары анықталған. Атап айтқанда, "КЕGОС" АҚ басшылығымен мәселе реттелгенге дейін Шығыс Қазақстан облысының тұтынушылары үшін тоқты оқтын-оқтын үзуді доғару туралы келісімге қол жеткізілді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны