25.02.2011, 16:59 4174

ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды

ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Күн қатты суытып, ауа температурасы 36 градус суықты көрсетуіне байланысты Семей қаласындағы мекетептердің 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақтар тоқтатылды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласының мектептерінде де 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтаған. Облыс орталығында ауа температурасы 35 градус нөлден төмен аязды көрсетіп тұр.

Ауа температурасының 31 градус нөлден төмендікті көрсетіп тұрған Зыряновск пен Риддер қаласындағы мектептерде 1-4 сынып оқушылар үшін сабақ болмайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны