06.01.2011, 18:02 4384

ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланды

ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланып, жолаушылар тасымалдайтын көліктің барлық түріне жолға шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Семей. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО ауа райының қатты суытуына байланысты тұрғындарға ескерту жарияланып, жолаушылар тасымалдайтын көліктің барлық түріне жолға шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында жұма 7 қаңтарға қараған түні ауа райы 45 градус нөлден төмендеп қатты аяз болады.

Шығыс Қазақстанда 2011 жылдың 6-нан 7-ші қаңтарға қараған түні әзірге сақталып отырған ауаның температурасы (35-40 градус, кей жерлерде 45 градусқа дейін нөлден төмен аяз) болуынан төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында жолаушылар тасымалдайтын барлық көлік түрлеріне (автобус рейстеріне, маршруттық такси) елді мекендерден шығуларына тыйым салынуда", - деп айтылған хабарламада. Сондай-ақ дизелмен жүретін автокөліктің барлық түріне де жол жүруге тыйым салынады.

Шектеу 6 қаңтардың сағат 18.00 -ден бастап 7 қаңтардың 07.00 - ге дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны