06.12.2007, 16:02 3325

ШҚО ауылдық аймақтарында адвокаттар тапшы

ШҚО ауылдық аймақтарында адвокаттар тапшы

Семей. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО ауылдық аймақтарында құқық қорғаушылар жетіспейді. Бұл жөнінде ҚР "Адвокаттық қызмет туралы" заңының қабылданғандығының 10 жылдығына орай Семейде өткен жиналыста Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар коллегиясы президиумының мүшесі Хамит Ыбраев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінде ауылдық аймақтарда жұмыс істейтін жағдай жоқ: пәтер және құқық қорғаушылардың офисі жоқ. Мысалы, біздің адвокат Бесқарағай ауданына барып, жоғарыда келтірілген себептермен жұмыс істей алмады", - деп мысал келтірді Х. Ыбраев.

Оның ақпараты бойынша, бүгінде Ақсуат, Бесқарағай, Қатон-Қарағай, Самара, Көкпекті, Шубартау және басқа аудандарында құқық қорғаушылар әсіресе тапшы. "Аудандарда құқық қорғаушының қызмет ставкасы жоқ, жергілікті билік өкілдері де бұл мәселені шешуге асығыстық танытып отырған жоқ. Сондықтан, адвокаттық қызметке зәру болған тұрғындардар Семейге, аудан орталығына баруға мәжбүр", - дейді Х. Ыбраев.

Оның мәліметтері бойынша, Семейде бүгінде 150 құқық қорғаушы бар. "Изірге адвокаттардың саны жеткілікті болғанымен, болашақта тұрғындар құқық қорғаушылардың қызметін толық пайдаланатын болса, онда бұл мамандарға сұраныс айтарлықтай көтеріледі. Дамыған елдерде бір-де бір іс адвокатсыз шешілмейді. Ондағы адамдар құқық қорғаушыларға заң бұзылғанға дейін барады, ал бізде адам құқығы тапталып, бұзылғанда ғана адвокаттарға шағымданады", - деп ойын қорытындылады Х. Ыбраев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны