26.12.2011, 15:23 3743

ШҚО аусыл дертін жұқтырған 500 астам ірі-қара анықталды

Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Алғабас, Қарабұта, Бақты ауылдарында эпизоотикаға қарсы шаралар барысында аусыл жұқтырған 500 бастан аса мал анықталды. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Өскемен. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО аусыл дертін жұқтырған 500 астам ірі-қара анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Алғабас, Қарабұта, Бақты ауылдарында эпизоотикаға қарсы шаралар барысында аусыл жұқтырған 500 бастан аса мал анықталды. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"24 желтоқсандағы жағдай бойынша, Алғабаста 490 бас малдан, Қарабұтада 71, Бақтыда 7 бас малдан аусыл анықталды. Барлығы 569 бас малдан аусыл анықталған", - деп хабарлайды департаменттегілер.

8 бас ІҚМ-ның көзі құртылды. 4 санитарных пост қойылды, соның ішінде, Қарабұта ауылының ауданында біреу, Сарытерек учаскесінде -1, Үржар-Өскемен жолының 92-ші шақырымында 1 пост қойылды. Ауданда карантиндік шаралар енгізілді - мал және мал өнімдерін әкеліп-әкетуге, ветеринарлық анықтамалар беруге тыйым салынды. 12 дезинфекциялық нүкте жұмыс істеп жатыр.

Мұның алдында ШҚО ауыл шаруашылық басқармасындағы дереккөздің хабарлауынша, Үржар ауданының бірнеше ауылында аусыл індеті тіркелген. Облыста малды егу препараттарының жетіспеушілігі өткір сезіліп отыр, деген болатын дереккөз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны