29.12.2011, 14:37 3604

ШҚО аусыл дертіне шалдыққан 1700 бас ірі-қара жойылды

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы аусыл ауруына шалдыққан 1700 бас малдың көзі жойылды.

29-желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО аусыл дертіне шалдыққан 1700 бас ірі-қара жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы аусыл ауруына шалдыққан 1700 бас малдың көзі жойылды.

"28 желтоқсан күнгі жағдай бойынша, өңірде аусылға шалдыққан 640 ірі-қара, 1071 ұсақ мал алынып, жоюға жіберілді. Вакцинация шаралары әлі жалғасуда", - делінген ШҚО ТЖД таратқан хабарламада.

Аталмыш карантиндік, арнайы эпизоотикалық оқиғаларға қарсы шараға 9 техника мен 65 адам жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен 23 желтоқсан күні аусыл ауруының ошақтарына карантин жарияланды.

19 желтоқсанда Қарабұта ауылында, Сарытерек аймағының "Алғабас" шаруа қожалығында ірі қара малдың аусыл ауруына шалдыққандығы анықталған болатын. Ұқсас жағдай 21 желтоқсан күні Бахты ауылының жеке аулалардың бірінде тіркелді.

Қазіргі уақытта Қарабұта ауылында: Сарытерек аймағында және "Бақты-Таскескен" тасжолының 92-шақырымында екі пост қойылды. Арнайы эпизоотикалық оқиғаларға қарсы отрядтың күшімен ауылдағы малдарды жаппай вакцинациялау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта малдардың еркін жайылымы мен мал өнімдерінің тасымалы тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны