28.12.2011, 14:14 3541

ШҚО аусыл дертіне шалдыққан 900 астам мал жойылды

Үржар ауданында 27 желтоқсандағы сағат 17:00-дегі жағдай бойынша індет ошақтарында жұқпалы ауруға ұшыраған 215 ірі қара, 700 ұсақ қара мал жойылды. 48 245 ірі қара, 127 мың ұсақ қара мал және 3 180 шошқа егуден өтті, делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - ШҚО аусыл дертіне шалдыққан 900 астам мал жойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ШҚО бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында мал аусылының таралуына байланысты 900-дан астам жұқпалы ауруға ұшыраған мал жойылды.

Үржар ауданында 27 желтоқсандағы сағат 17:00-дегі жағдай бойынша індет ошақтарында жұқпалы ауруға ұшыраған 215 ірі қара, 700 ұсақ қара мал жойылды. 48 245 ірі қара, 127 мың ұсақ қара мал және 3 180 шошқа егуден өтті, делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

ШҚО бойынша ТЖД-нің мәліметтері бойынша, карантинді, эпизоотикаға қарсы шараларда техниканың 9 бірлігі және "аудандық эпизоотикаға қарсы жасақ" ММ жеке құрамының 65 адамы жұмылдырылды.

Бұрын хабарланғандай, мал аусылының карантині Шығыс Қазақстан облысында жұма, 23 желтоқсан күні енгізілді. Індет туралы хабарлама, ҚР ТЖМ-де хабарлағандай, Үржар ауданынан (аймақтың Үржар, Бақты және Көктерек ауылдық аймақтарынан) 23 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 10:00-де келіп түсті.

Қазіргі уақытта Қарабұта ауылында, Сарытерек аймағында және "Бақты-Таскескен" тасжолының 92-шақырымында екі бекет қойылды. Арнайы эпизоотикалық оқиғаларға қарсы отрядтың күшімен ауылдағы малдарды жаппай вакцинациялау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта малдардың еркін жайылымы мен мал өнімдерінің тасымалы тоқтатылды, мал дәрігерлік анықтамаларды беруге тыйым салынған, 12 дезинфекциялық орын ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны