03.02.2015, 17:53 4078

ШҚО: Дегелеӊ стансасында 19 жүк вагоны рельстен шығып кетті

Тауарлық құрам 60 вагоннан тұрған. Апат салдарынан бірнеше пойыз, атап айтқанда, Семей стансасында "Защита-Астана" жолаушылар пойызы, "Семей-Павлодар" бағытындағы екі жүк пойызы өз кестелерінен бір сағаттан артық уақытқа бөгелді. Дегелеӊ стансасында "Дегелеӊ-Семей" бағытында жүрген көмір тиелген үш жүк пойызы кешіктірілді

Өскемен. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Кеше "Семей-Дегелеӊ стансасы" темір жолыныӊ 252 шақырымында жүк пойызыныӊ 19 бос вагоны жолдан шығып кетті. Жапа шеккендер жоқ, деп хабарлады ШҚО ТЖ департаментінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тауарлық құрам 60 вагоннан тұрған. Апат салдарынан бірнеше пойыз, атап айтқанда, Семей стансасында "Защита-Астана" жолаушылар пойызы, "Семей-Павлодар" бағытындағы екі жүк пойызы өз кестелерінен бір сағаттан артық уақытқа бөгелді. Дегелеӊ стансасында "Дегелеӊ-Семей" бағытында жүрген көмір тиелген үш жүк пойызы кешіктірілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сағат 09:20-де Семейден "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалынан 13 адам мен 5 техника (2 кран: ЕДК-300/2, ЕДК-1000/2; 2 трактор; 1 № 29 жөндейтін-реттейтін пойыз) жіберілді.

Сағат 12:30-дағы жағдай бойынша аталған оқиға пойыздардыӊ қатынауын 1 сағаттан артық уақытқа кешіктірді. Ал сағат 17:58-де апат салдарын жою жұмыстары аяқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны