06.04.2016, 23:03 3927

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы парамен ұсталды

Басқарма басшысы В.Овсянников өз қызметкерлерімен қылмыстық келісім жасап, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінен, сондай-ақ облыстағы емдеу мекемелерініӊ басшыларынан солардыӊ мүдделерін көздеп және жалпы қамқорлық жасау үшін жүйелі негізде пара алғаны анықталды

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Шығыс Қазақстан бойынша департаменті облыстағы денсаулық сақтау басқармасыныӊ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Басқарма басшысы В.Овсянников өз қызметкерлерімен қылмыстық келісім жасап, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінен, сондай-ақ облыстағы емдеу мекемелерініӊ басшыларынан солардыӊ мүдделерін көздеп және жалпы қамқорлық жасау үшін жүйелі негізде пара алғаны анықталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері В.Овсянниковты облыстық аурухананыӊ бас дәрігерінен 70 000 теӊге көлемінде пара алу кезінде ұстады.

Қазіргі кезде В.Овсянников Өскемен қалалық ІІБ-ныӊ уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны