13.04.2018, 09:58 5797

ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ жаӊа басшысы тағайындалды

Ұжымға жаӊа басшыны Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Сонымен аймақ басшысыныӊ өкіміне сай энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ лауазымына бұрын жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Мұрат Мұсатаев тағайындалды

Өскемен. 13 сәуір. Kazakhstan Today -Ұжымға жаӊа басшыны Шығыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Даниал Ахметов таныстырды. Сонымен аймақ басшысыныӊ өкіміне сай энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысыныӊ лауазымына бұрын жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарған Мұрат Мұсатаев тағайындалды.

Мұрат Хабдылжаппарұлы 1963 жылы наурыздыӊ 21-інде Семей облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылынды дүниеге келді. 1991 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. 2005 жылы Астрахан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдады. Экономика ғылымдарыныӊ докторы.

Еӊбек жолын 1980 жылы Семейде "Промстой" ҚБ "Исем" комсомол - жастар бригадасында балташы - бетоншы, содан кейін бірнеше жыл "Асыл-Инвест" ИЖҚ меӊгеруші, Алматы қаласында Стратегиялық жоспарлау агенттігініӊ басқарманыӊ бас маманы, бөлім басшысы және басшысы қызметін атқарды. 2002 жылы Астанада ҚР Президенті Икімшілігініӊ ұйымдастыру-бақылау бөлімініӊ мемлекеттік инспекторы лауазымын иеленді. 2007 жылы Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары, 2013 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрініӊ кеӊесшісі болып қызмет етті. Кейін Астана қаласындағы "Еуразия" ғылыми орталығын басқарды. Ал 2017 жылдыӊ мамырынан ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ басшысы лауазымында болды.

Искери борышын Чехословакиядағы Орталық әскер тобында өткерді. Бірқатар мемлекеттік наградалармен, атап айтқанда, 2012 жылы "Кұрмет" орденімен марапатталды.

- Мұрат Хабдылжаппарұлы тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. Еӊбек жолында өзін тәртіпті және білікті қызметкер ретінде көрсетті. Бұл қызметінде табыстар тілейміз - деді жаӊа басшыны таныстырған Даниал Ахметов.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны