13.04.2011, 16:50 3945

ШҚО кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды зорлаған деген күдікті ұсталды

ШҚО кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды зорлаған деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО кәмелеттік жасқа толмаған екі қызды зорлаған деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысыныда екі кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен 23 жастағы жас жігіт ұсталған. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының кезекші бөліміне 10 және 11 жастағы екі қыз баланың ата-аналары арызданып, белгісіз адамның олардың қыздарына қатысты зорлық жасағанын хабарлады", - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған ІІМ хабарламасында.

Қылмысты ашуға аталған қаланың барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар жәбірленушілердің айтуы бойынша күдіктінің портреті жасалды.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері бұрын зорлау жасағаны үшін сотты болған Глубокое ауданының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп қорытындылады ІІМ-де.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны