27.07.2018, 16:07 3414

ШҚО "Қазақстанныӊ үздік әлеуметтік жобалары" байқауыныӊ жеӊімпаздарын жариялады

Салтанатты жиында ақтық мәреге шыққан 9 жоба арнайы көрмеде өз жетістіктерін көрсетті. Биыл бұл байқау бірінші рет "Нұр Отан" партиясыныӊ қолдауымен өтіп отыр. Айта кету керек, өткен жылы тіркелген жобалар саны небәрі 5 болса, биыл бұл көрсеткіш 32 жетті.

Өскемен. 27 шілде. Kazakhstan Today -Шығыста "Қазақстанныӊ үздік әлеуметтік жобалары" байқауыныӊ аймақтық кезеӊін қорытындылады. Бағын сынап, бағытын бағдарлауға жүрексінбеген 32 жоба қазылар таразысына түсті. Ал облыстыӊ үздік әлеуметтік жобасы 1 миллион теӊгеніӊ сертификатын иеленді.

Салтанатты жиында ақтық мәреге шыққан 9 жоба арнайы көрмеде өз жетістіктерін көрсетті. Сайыста топ жарған жүлдегерлердіӊ бірі "Алтын-Ай" қоғамдық бірлестігі ұсынған "Біз бірге мықтымыз!" жобасы. Бұл ұйым бүгінде төсек жабдықтарын, сондай-ақ, сәбилерге арналған киім-кешек пен сан алуан жиһаздар түрлерін де шығарады. Кембағал жандардыӊ қоғамға бейімделуіне жағдай жасап, ақпараттық-құқықтық тұрғыда көмек көрсетеді. Қазіргі таӊда тек бірлестіктіӊ өзі мүмкіндігі шектеулі 27 азаматты жұмыспен қамтып отыр.

- Біз барлық байқауларға қатысуға тырысамыз. Атқаратын ісімізді, жобаларымыз туралы халық білсе екен дейміз. Себебі, қоғамныӊ белсенді мүшелері ретінде еліміздіӊ дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Ал алған жүлдені өндірісті өркендетуге жұмсайтын шығармыз, - дейді, "Алтай-Ай" ҚБ тігін өндірісініӊ жетекшісі Татьяна Веляева.

Айта кету керк, Өскемендегі "инватакси" қызметін де көрсететін осы ұйым. Байқауға жіберілген бейнероликте бұл қызмет түрініӊ кембағал жандар үшін аса қажеттігі көрсетілген. Көрмеге әкелінген тігін өнімдері де қазіргі таӊда өскемендіктер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі, өнім сапасы қайбір шетелдікінен кем түспейді. Айта кету керек, көрмеде ұсынылған балаларға арналған қуыршаққа жоғары бағасын берген ШҚО әкімініӊ орынбасары Исем Нүсіпова да "балама деп", біреуін сатып алды. Аймақтық байқауда ІІІ орынды, яғни, 500 мыӊ теӊгеніӊ сертификатын иеленген ұжым енді республикалық байқауда топ жаруды мақсат етіп отыр.

Жалпы, сәуірдіӊ 20-сында басталған байқау өӊірде екі кезеӊде өтті. Алдымен аумақтық, іріктелгендері аймақтық сайыста бақ сынады. Бас жүлдені, яғни, 1 миллион теӊгені қанжығаға байлаған "Авангард плюс" жас кәсіпкерлер мектебі" жобасы. Жоба авторы Елена Березинская-Абилова өӊірдегі кәсіпкер әйелдер ұйымын басқарады. Оныӊ айтуынша, кәсіп иелерімен тығыз жұмыс істей келе, қазіргі таӊда өз ісін ашуға ниетті азаматтарға, әсіресе, жастарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдаудыӊ ауадай қажет екенін түсінген. Соныӊ арқасында бүгінде 300-ден астам адамды оқытып, оныӊ 20-дан астамына кәсібін ашуға қолдау көрсеткен екен.

- Меніӊ "Нұр Отан" партиясына айтар алғысым шексіз. Биылғы байқаудыӊ ақпараттық-насихат жұмысыныӊ арқасында ұйымдар тарапынан жоғары белсенділікті байқадым. Біздіӊ жоба кәсібін ашуға, жұмыспен қамтамасыз етуге, қоғамда өз орнын табуға бағытталған. Сеніп тапсырылған үмітті ақтаймыз деген ойдамыз, - дейді Елена Березинская-Абилова.

Ал екінші орын Ұлан ауданыныӊ "Қамқор" жобасы иеленді. Жиһаз цехы, қолөнершілер үйірмесі, тағы да қызығушылықтарына қарай бірқатар бағытты бірге алып отырған ұландық еріктілер ұйымы басты мақсат - бір-бірімізге қамқор болу дейді.

- Биыл бұл байқау бірінші рет "Нұр Отан" партиясыныӊ қолдауымен өтіп отыр. Айта кету керек, өткен жылы тіркелген жобалар саны небәрі 5 болса, биыл бұл көрсеткіш 32 жетті. Өте жақсы нәтиже деп есептейміз, себебі, ел ішінде көш бастап, үздік атандық, - дейді "Нұр Отан" партиясыныӊ ШҚОФ төрағасыныӊ бірінші орынбасары Инуарбек Мұхтарханов.

Ақтық мәреге өткен өзге жобалар да марапаттау рәсімінен құр қол қайтпады. Арнайы тағайындалған ынталандыру сыйлығына сай, оларға 400, 200 және 100 мыӊ теӊгеніӊ сертификаттары табыс етілді. Атап айтқанда, "Инклюзивті театр" зертханасы, "Шуақты қала", "Халықтыӊ осал топтарын жұмыспен қамтуға арналған қосалқы шаруашылықты дамыту", "Үміт нұры", сондай-ақ, "Өскемен қаласы халқыныӊ әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін ОКЖ кітапханаларында ақпараттық қызмет түрлерін дамыту" және "Өскемен қаласыныӊ әлеуметтік осал топтарына төмен бағамен көмір алу және жеткізуде көмек көрсету және қолдау" жобалары. Айта кету керек, жүлде қоры өӊір демеушілерініӊ қолдауымен құрылды.

"Нұр Отан" партиясыныӊ ШҚОФ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны