11.05.2018, 23:16 2859

ШҚО Көкпекті ауданына жаӊа әкім тағайындалды

Көкпекті аудандық мәслихаты депутаттарыныӊ келісімімен аймақ басшысы Даниал Ахметовтыӊ өкімімен Көкпекті ауданы әкімі қызметіне Асхат Сайдахметұлы Смаилов тағайындалды.

Өскемен. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Көкпекті аудандық мәслихаты депутаттарыныӊ келісімімен аймақ басшысы Даниал Ахметовтыӊ өкімімен Көкпекті ауданы әкімі қызметіне Асхат Сайдахметұлы Смаилов тағайындалды. Ол бұған дейін Тарбағатай ауданы әкімініӊ орынбасары қызметін атқарды.

Жаӊа басшыны аудан активіне облыс әкімініӊ орынбасары Шалқар Байбеков таныстырды. Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл Кесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірді.

Еӊбек жолын 1994 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімініӊ кірістер түсуін болжау және экономикалық талдау бөлімініӊ аға экономисінен бастаған. Кейін Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі меӊгерушісініӊ орынбасары, сондай-ақ, бюджет бөлімініӊ бастығы қызметін атқарды. 2002-2005 жылдар аралығында Тарбағатай аудандық экономика бөлімініӊ, кейін аудан әкімі аппаратыныӊ қаржы-шаруашылық бөлімініӊ бастығы болды. Екі жыл Тарбағатай аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімініӊ бастығы лауазымында қызмет етті. 2009 жылдыӊ желтоқсанында Көкжыра ауылдық округініӊ әкімі міндетіне тағайындалды. Соӊғы 8 жылда Тарбағатай ауданы әкімініӊ орынбасары қызметін атқарды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны