15.03.2011, 17:50 3948

ШҚО мен Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелді

ШҚО мен Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 15 - наурыз. Kazakhstan Today - ШҚО мен Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылғы 14 наурызда сағат 21.30-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан (қатты боран, көктайғақ) бірқатар учаскелерде автокөліктің барлық түріне жол жүруге тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда - "Семей-Новоалтайск" автожолының "Семей қаласы - Ресей шекарасы" (2-113 шм) учаскесінде, "Омбы-Майқапшағай" автожолының "Семей-Қайнар" (8-284 шм) учаскесінде тыйым салынып отыр. Бұл учаскелерде 22 дана техника жұмыс жүргізуде.

Сонымен қатар, 2011 жылғы 14 наурызда сағат 08.45-тен бастап Қарағанды облысындағы автомобиль жолдарында ауа райының қолайсыздығынан (көктайғақ) бірқатар учаскелерде автокөліктің барлық түріне жол қатынасы шектелген болатын. Атап айтқанда, "Қызылорда-Петропавл" автожолының "Жезқазған - Сәтпаев" (6-24 шм) учаскесінде, "Қызылорда-Павлодар" автожолының "Жезқазған - Қызылорда облысының шекарасы" (424-216 шм) учаскесінде, "Қызылорда-Петропавл" автожолының "Топар - Жезқазған" (433-905 шм) учаскесінде, "Екатеринбург-Алматы" автожолының "Қарағанды - Балқаш" (1492-1854 шм) учаскесінде, "Екатеринбург-Алматы" автожолының "Қарағанды - Астана" (1457-1353 шм) учаскесінде шектеулер жасалған.

"Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады", - делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны