30.05.2018, 23:43 4155

ШҚО мен Ресей "Идеби белдеу" жобасын жүзеге асырады

- Ресеймен бауырластық қарым-қатынас сақтау өте маӊызды. ШҚО мен РФ арасында дәстүрлі "Алтай - біздіӊ ортақ үйіміз" мәдени-гуманитарлық бағдарламасы аясында жылдар бойы қалыптасқан тығы қарым-қатынасымыз тек нығая түсуде. Жобаны ары қарай да қолдау қажет. Мәдени серіктестікті нығайту үшін туристерге арналған "Идеби белдеу" жобасын ұйымдастыру жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов.

Өскемен. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан мен Ресей арасында "Идеби белдеу" жобасы жүзеге аспақ. Бастама өӊірдіӊ мол мәдени мұрасын кеӊінен насихаттау, әсіресе ресейліктерге таныстыруді көздейді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов ҚР Ресейдіӊ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу кезінде тілге тиек етті. Тараптар сондай-ақ, екіжақты әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Айта кетейік, ШҚО мен Ресейдіӊ экономикалық қарым-қатынасты жоғары деӊгейде өрбіп келеді.

Аймақ басшысы Алексей Бородавкинді Шығыс Қазақстанныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуымен қысқаша таныстырды. Бүгінде Шығыс елдегі өнеркәсіптік-индустриялық сала қарыштаған облыс. Экономиканыӊ базалық саласы түсті металлургия екенін ескерсек, өӊірде тау-кен өндірісі, металл өӊдеу өнеркәсібі және гидроэнергетика қарқынды дамуда.

Аграрлық секторда және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларыныӊ да мүмкіндігі артып келеді. Бұл ретте Өскеменде бірегей роботталған хирургия орталығыныӊ ашылуын ерекше атап өткен орынды. Сонымен қатар, облыста медициналық мекемелер заманауи жабдықтармен жарақтанып, дәрігерлер әлемніӊ үздік клиникаларында оқудан өтуде.

Елдегі рухани жаӊғыру - идеологиялық жұмыстыӊ платформасы болып отыр. Оныӊ негізінде ШҚО-дағы тарихи орындар мен мұралар арқылы ресейлік туристерді тарту көзделген. Аймақ басшысыныӊ айтуынша, облыстық тарихи-өлкетану музейі - Қазақстандағы еӊ көне мәдени-танымдық ордалардыӊ бірі, ал Невзоровтар отбасы атындағы және Шығыс Қазақстан өнер мұражайлары ел ішінде бірегейлігімен ерекшеленсе, соӊғысы ТМД көлеміндегі көркем музейлер арасында бір төбе.

- Ресеймен бауырластық қарым-қатынас сақтау өте маӊызды. ШҚО мен РФ арасында дәстүрлі "Алтай - біздіӊ ортақ үйіміз" мәдени-гуманитарлық бағдарламасы аясында жылдар бойы қалыптасқан тығы қарым-қатынасымыз тек нығая түсуде. Жобаны ары қарай да қолдау қажет. Мәдени серіктестікті нығайту үшін туристерге арналған "Идеби белдеу" жобасын ұйымдастыру жоспарлап отырмыз, - деді Даниал Ахметов.

Өз кезегінде Ресей елшісі сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы екі жақты қарым-қатынасты ары қарай дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

- Бұл меніӊ аймаққа алғашқы сапарым. Біз екі елдіӊ дипломатиялық қарым-қатынастарына аса мән береміз. Өйткені, ШҚО Қазақстанныӊ өнеркәсібініӊ іргесі болып табылады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанныӊ шет елдермен кеӊ ауқымдағы бизнес байланыстары және әлемніӊ жетекші мемлекеттерімен металлургия, ауыл шаруашылығы, медицина және басқа да маӊызды бағыттары бойынша сауатты экономикалық кооперациясы бар, - деді Алексей Николаевич.

Айта кетейік, өткен жылы ШҚО мен Ресей арасындағы тауар айналымыныӊ көлемі 1 млрд. 258 млн долларды құрады. Биыл бұл көрсеткіш 1 млрд. 4 млн. долларға дейін көбейтіп, экспорт пен импорт номенклатурасын арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны