08.05.2018, 21:57 4270

ШҚО облыс әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

Даниал Ахметовтіӊ өкімімен ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды.

Өскемен. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Аймақ басшысы Даниал Ахметовтіӊ өкімімен ШҚО әкімініӊ бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды.

Жаӊа орынбасарды облыс әкімдігі активіне Даниал Ахметов таныстырды. Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте еӊбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасыныӊ хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімініӊ бастығы қызметінен бастады. 2001 жылдыӊ желтоқсанынан Павлодар облысыныӊ туризм және спорт департаментініӊ бастығы, кейін Павлодар облысы әкімініӊ көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ көмекшісі болды. 2012 жылдыӊ наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі Секретариатыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімініӊ аппаратын басқарды. Ал 2016-2017 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімі қызметін атқарды.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны