05.02.2008, 18:08 3403

ШҚО "Өскемен-Су арнасы" МҚК тарифтерді көтерді

ШҚО "Өскемен-Су арнасы" МҚК тарифтерді көтерді

Өскемен. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Өскемен-Суарнасы" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны тұрғындар үшін тарифтерді көтерді. Бұл жөнінде бүгін өткен қоғамдық бас қосуда кәсіпорын басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқармасын Өскемен тұрғындары үшін тарифтерді 59 % көтеруге рұқсат берулерін сұраймыз ", - деді бүгін "Өскемен-Суарнасы " МҚК өкілі.

Кәсіпорынның мәлеметтері бойынша, тарифтерді көтеруге құрал -жабдықтардың көнеруі мен қарыздардың қордалануы себеп болған."Бізде 471 шақырым су құбырының желісі мен 400 шақырымдық канализация бар. Ал су құбырлары мен каналицизияны пайдалану мерзімі 25 жылдан аспайды. Қаладағы барлық желілер толық көнеріп, мерзімдерін өтеген", - деп түсіндірді "Өскемен-Суарнасы" кәсіпорынның басшысы.

Кәсіпорынның ақпараты бойынша, қалалық желісіндегі канализациялық және су құбырларын толық ауыстыру үшін, 8 млн теңгеден аса қаржы қажет.

"Тарифтер көтеріледі. Бірақ көрсетілген 59% болмайды. Нақты бағасы 21 ақпанда жарияланады", - деді ШҚО табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма бастығының орынбасары Вера Китаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны