14.07.2015, 17:44 4230

ШҚО: Өз үйінен Күршім ауданы әкімініӊ мүрдесі табылды

14 шілдеде Күршім аудандық ІІБ кезекші бөліміне өз үйінен аудан әкімі Алтайбек Сейітовтіӊ мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - 14 шілдеде Күршім аудандық ІІБ кезекші бөліміне өз үйінен аудан әкімі Алтайбек Сейітовтіӊ мүрдесі табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық өндіріс басталғанын ІІД баспасөз қызметі жаӊа хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орнында ШҚО ІІД жедел тергеу тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Сот алды тергеу жүргізілуде, болған оқиғаныӊ мән-жайы анықталып жатыр.

Алтайбек Сейітов Күршім ауданыныӊ әкімі болып 2007 жылдан бері қызмет етіп келген еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны