16.01.2014, 18:52 8382

ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған. Жұмсалған қаражат көлемі 142,7 млн теңге, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. ШҚО Үржар ауданы Бестерек ауылында жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Нысанның құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталып, қараша айында аяқталған. Жұмсалған қаражат көлемі 142,7 млн теңге, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.

Халқы жыл санап өсіп келе жатқан ауданның Бестерек ауылдық округінде 2 мың 924 тұрғын бар. Олар бұл күнге дейін аудан орталығына барып ем қабылдайтын. Енді ауылдық округ жұртшылығы орталық емханаға қаралатын болды. Бұл әсіресе Қазымбет, Ер Қабанбай ауылы тұрғындары үшін тиімді.

Нысанның ашылуы аудандық денсаулық сақтау саласына оң ықпалын тигізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Ауыл жастарының білім алып, туған жеріне оралуына да жол ашты.

Толық жарақталған 17 ем-шара кабинетінде 14 дәрігер қызмет көрсетеді. Олардың 1-еуі жалпы практика дәрігері, 7 медбике, 6 орташа медициналық қызметші. Айта кету керек, аталмыш медициналық мекеменің дәрігері Сергиенко Марина Николаевна Семейдегі медициналық академияда білім алған. Мемлекеттік "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында кәсіби жолын ауылдан бастау үшін жолдамамен осында келген екен.

Шалғайдағы елді-мекенде ашылған әлеуметтік маңызды нысанның құрылысы көп жылғы тоқыраудан кейін ел экономикасы өрлеуінің көрсеткіші. Амбулаторияның ашылуына қатысқан ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев: "Кез-келген елдің дамуы үшін бірінші кезекте білімді, денсаулығы мықты халқы болуы керек. Сондықтан елімізде халық сауықтыруға бағытталған "Саламатты Қазақстан", маңызды нысан құрылысы бойынша "100 мектеп, 100 аурухана", бағдарламалары қабылданған болатын. Медициналық мекемелерді құрал-жабдықпен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан шет мемлекеттерден артта қалған жоқ. Тек жақсы маман жетіспейді. Менің ойымша біз бұл олқылықтың орынын 5-10 жылда толтырамыз",- деді.

Үржар ауданына жұмыс сапары барысында облыс басшысы ағымдағы жылы 3 қаңтарда жылыту қазандығы жарылған аудандық орталық ауруханада болды. Бұл жерде жағдай тұрақты. Бүгінде апат салдары толығымен қалпына келтірілген

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны