19.01.2018, 17:46 6415

ШҚО Үржар ауданыныӊ Щолпан ауылында А вирусты гепатиті бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО Үржар ауданыныӊ Шолпан ауылында А вирусты гепатитініӊ жаӊа жағдайлары тіркелмегендігін хабарлайды

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ШҚО Үржар ауданыныӊ Шолпан ауылында А вирусты гепатитініӊ жаӊа жағдайлары тіркелмегендігін хабарлайды.

Бұл ауылда 2017 жылы және 2018 жылдыӊ өткен кезеӊінде орта мектептіӊ 11 оқушысы және 1 ұйымдастырылмаған баланыӊ ауыру жағдайы тіркелген.

Барлық қарым қатынаста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау ұйымдастырылды. Құрамында педиатр, инфекционист, эпидемиолог дәрігері бар аудандық мамандар бригадасы қосымша аптасына бір рет шығады. Ауылда АВГ тіркелуі жағдайына байланысты ауданныӊ медициналық қызметі Үржар аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасыныӊ мамандарымен бірлесіп, эпидемияға қарсы және емдеу іс-шараларын жүргізуде.

Денсаулық сақтау министрлігініӊ аумақтық бөлімшелері АВГ барлық ошақтарына эпидемиологиялық тексеру және Шолпан ауылыныӊ дәрігерлік амбулаториясына, Жүзағаш орта мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Мамандарға тәжірибелік көмек көрсету және өткізілетін іс-шаралардыӊ сапасын бақылау мақсатында ШҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарыныӊ Үржар аудандық басқармасына шығуы ұйымдастырылды.

Мектеп және үй ошақтарынан 62 ауыз су сынамалары алынды. Оқу орнында, үй ошақтарында қорытынды залалсыздандыру жұмыстары, мектептіӊ сумен жабдықтау жүйесін, ошақтарда барлық су сақтайтын сыйымдылықтарды жуу және залалсыздандыру жүргізілді. Ауыз су сынамаларын қайта алу және кейіннен қайта алу кезіндегі нәтижесі теріс болды.

Қазіргі уақытта мектепте ауыз суды пайдалануға тыйым салынды, мектеп оқушылары бөтелкедегі ауыз суды пайдаланады. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар тоқтатылды және оқытудыӊ кабинеттік жүйесі алынып тасталды.

Аудан әкімі, ауылдық округ әкімі, бас дәрігердіӊ орынбасары, аудандық ОАА мамандары және қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ м.а. қатысуымен ата-аналардыӊ 2 жиналысы және азаматтырдыӊ 1 жиыны өткізілді, онда ата-аналарға вирустық А гепатитін алдын алу мәселелрі бойынша түсіндірме берілді.

Айта кететіні, 2017 жылғы қыркүйектен бастап аурудыӊ барлық жағдайлары әр түрлі айларда әр түрлі сыныптарда бірлі-жарым жағдайы тіркелген. А гепатиті тіркелген кезде қыркүйек айында санитариялық-эпидемияға қарсы режимді бұзғаны үшін Жүзағаш орта мектебініӊ директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта алдын алу мақсатында А вирусты гепатитіне қарсы 140 балаға екпе егілген, оныӊ ішінде 59 баланыӊ АВГ-нен 2 реттен вакцинациясы бар. Сондай-ақ, ата-анасында демалыста болған 3 студент егілген.

Туындаған жағдайды анықтау үшін ШҚО комиссия шықты, оныӊ құрамына Денсаулық сақтау министрлігініӊ өкілдері, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама ғылыми-практикалық орталығыныӊ сарапшылары кірді. Бұл жағдай Министрліктіӊ бақылауында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны