11.02.2011, 15:59 3815

ШҚО үш қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды

ШҚО үш қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семей. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - ШҚО үш қаласында 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, "10 ақпан күні сағат 11.35 сағатта Өскемен, Зырян, Риддер қалаларының көпқабатты үйлердегі жоғарғы қабатының тұрғындары жер сілкінісін сезген".

"Алматы қаласының сейсмология Институтының алдын ала жасаған мәліметтері бойынша жер сілкінісінің кіндігі Хакасия, Тывы, Моңғолия шекаралары таулы аймақтарында 20 шақырым тереңдікте болған. Магнитудасы 5,5, энергетикалық класы 13,2",- деп түсіндіріп өтті ТЖД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны