04.04.2008, 13:01 3254

ШҚО үш қаласында "Таза қалаға жасыл көшелер" атты экологиялық акциясы басталды.

ШҚО үш қаласында "Таза қалаға жасыл көшелер" атты экологиялық акциясы басталды.

Өскемен. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының үш қаласында "Таза қалаға жасыл көшелер" атты экологиялық акциясы өткізіліп жатыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өскемен, Семей және Риддер қалаларында осындай ірі көлемді экологиялық акциясы ұйымдастырылып жатыр ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Акцияны өткізу жөнінде бастаманы ШҚО табиғатты пайдалануды реттеу және табиғат ресурстары жөніндегі департаменті ұсынды.Бұл идеяны облыстық территориалдық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Өскемен әкімдігі, Шығыс Қазақстан облысы халықтарының кіші ассамблеясы және "Кругозор" мәдениет және туризм жастар орталығы қолдады.

"Таза қалаға жасыл көшелер"атты акциясын өткізудің мақсаты, қала аймағын тазартып, көгалдандыру жұмыстарына жастарды, студенттерді, мектеп оқушыларын және қала тұрғындарын тарту болып отыр", -деп түсіндірді әкімдікте.

Акция 2008 жылдың сәуір-мамыр ай аралығында өткізіледі. "Осы уақыт ішінде қаламызды, көшелерімізді ең әдемі, таза болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар өткізілетін болады ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Екі ай бойы аталған қалаларда "Қоқыспен майдан" атты акциясы өткізіліп, оны жүргізу аясында ағаштарды отырғызу, ең үздік жеке меншік пәтер иелерінің кооперативі, жасыл таза алаң, "Экобақ-бүгінгі ғажайып" атты байқаулары ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны