13.03.2013, 11:07 3212

ШҚО және Ақмола облыстарында жолдар тағы да жабылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақмола облысында "Астана-Петропавл" а/ж 18-252, Астана қ.-Щучье аралығы және "Щучье-Зеренді" а/ж 0-80 шақ.аралығында жол қозғалысына шектеу қойылған.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан және Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Қазақавтожол" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ақмола облысында "Астана-Петропавл" а/ж 18-252, Астана қ.-Щучье аралығы және "Щучье-Зеренді" а/ж 0-80 шақ.аралығында жол қозғалысына шектеу қойылған.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары" 422-450 шақ, Берель-Рахман қайнарларында жолдар жабылған.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақавтожол" РМК-ның Жол пайдалану бөлімшесі арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны