18.07.2014, 19:21 7615

ШҚО-да 100 студент көшбасшылық қасиет бойынша арнайы тренингтен өтеді

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтылғандар санатынан шыққан 100 үздік студент "Жас Star" жастарға арналған жаздық лагердің жұмысына атсалысады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік аз қамтылғандар санатынан шыққан 100 үздік студент "Жас Star" жастарға арналған жаздық лагердің жұмысына атсалысады. Игі шара "Студенттік өзін-өзі басқару және дамыту одағы" корпаративті қоры мен ҚР БҒМ Жастар істері бойынша комитеті бірлесіп ұйымдастырды.

"Жас Star" жазғы лагерінде студенттер екі апта бойы көшбасшылық қасиет бойынша арнайы тренингтерднр өтеді. Онда олар өздерінің басқару тиімділігін арттырып, басқару біліктіліктерін жетілдіретін болады.

Айта кетерлік жайт, тренигтер адамдың өзіндік көшбасшылық қасиетін жетілдіруге бағытталған.

Оның үстіне жастарды мәдени-тынығу бағдарламасы да күтіп тұр. Оқу курсы аяқталған соң студенттерге арнайы сертификаттар беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны