05.05.2014, 20:21 3838

ШҚО-да акция аясында жастар қала көшелерін тазалайды

Бұл жолы қаланың тазалыққа құлықсыз халқын аталмыш шараға тарту мен Ертіс өзенінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін "Қоқысқа қарсы күрес" байқауы қолға алынды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы. Аталмыш шараға 100 шақты ерікті қатысты.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan today. ШҚО облыстық орталығында белсенділер туған қалаларының аумағын тазалауға қатысып, көрші-қолаңдарын осыған шақырады.

ШҚО-да дәстүрлі жастар акциясы жалғасын табуда. Соның аясында қатысушылар қала көшелерін қоқыстан тазалайды.

Бұл жолы қаланың тазалыққа құлықсыз халқын аталмыш шараға тарту мен Ертіс өзенінің жағалауына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін "Қоқысқа қарсы күрес" байқауы қолға алынды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы. Аталмыш шараға 100 шақты ерікті қатысты. Олардың қатарында студенттер, мектеп оқушылары, қаланың шығармашылық жастары бар. Олар 6 командаға бөлінді. Ир топ өздеріне алдын ала белгіленген аумақты тазалады.

Жүргізілген байқау қорытындысы бойынша, көзге түскендер қаржылық сыйақымен марапатталды. Жұмысты негізінен белсенділік деңгейі мен атқарылған жұмыстың сапасына қарай бағалады.

Өзге де қатысушылар шарадан құр қол қайтпады. Оларға да ынталандыру сыйлықтары мен ақшалай сыйақылар тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны