11.07.2014, 20:24 6192

ШҚО-да бос жұмыс орын жәрмеңкесіне 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 150-ге жуық кембағал жан қатысты, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орын жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 150-ге жуық кембағал жан қатысты, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Қуаныштысы сол, облыс орталығында оларды жұмысқа алушылар саныда аз болмады - 30-дан астам жұмыс беруші.

Жалпы, игі шараның жұмысына қаланың түрлі экономика саласындағы 30-дан астам кәсіпорын қатысты.

"Жұмыс берушілер медбике, асхана жұмысшысы, электрик, бухгалтер, тігінші, аудармашы сынды түрлі мамандықтар бойынша 85 бос жұмыс орнын ұсынды. Олар екі қолға бір күрек іздеп келген жандармен сұхбаттасып, олар туралы жеке мәліметтерді жазып алды", - деп қалалық әкімдіктен хабарлады.

Жәрмеңкенің нәтижесі бойынша тұрақты жұмыс орнына 71 жолдама, әлеуметтік жұмыс орнына 18 жолдама берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны