30.12.2013, 17:26 3226

ШҚО-да діни экстремизмнің алдын алудың жаңа әдістері талқыланды

ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар діни экстремизм мен қала тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы терроризмінің алдын алудың тиімді, жаңа әдістерін қолдануды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan today. ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар діни экстремизм мен қала тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы терроризмінің алдын алудың тиімді, жаңа әдістерін қолдануды тапсырды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

"Діни бірлестіктермен байланыс бойынша облыстық кеңестің отырысында облыс әкімі Жақсылық Омар діни экстремизм мен қала тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы терроризмінің алдын алудың тиімді, жаңа әдістерін қолдануды тапсырып, осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде шалғайдағы ауылдарға білікті мамандардан, ақын-жазушылар мен әншілерден құралған топтарды жөнелтіп, рухани және патриоттық тәрбие беру шараларын ұйымдастыруды ұсынды", - делінген хабарламада.

Тиімді шаралар діни тақырыптағы фильмдердің бас тақырыбы болу керектігін ескеріп, әкім орынбасары мұндай туындыларды жоғары және орташа мамандандырылған барлық оқу орындарында көрсету керектігін айтты.

Сонымен қатар, тұрғындарға дұрыс діни көзқарас бере алатын білікті дінтанушы мамандарға деген сұраныстық жоғарылығы айтылды.

Айта кету керек, жиын барысында облыстағы діни жағдайдың тұрақты екені де аталып өтті. Соған қарамастан алдағы уақытта тұрғындарды діни тәрбиелеу мақсатында рухани және материалды құндылықтарды насихаттау керектігі жайлы әңгіме өрбіді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны