13.05.2014, 20:41 2129

ШҚО-да олимпиадалық типтегі бассейн ашылды

Спорттық ғимарат 5 блоктан тұрады. Оның ішінде киім ауыстыратын, массаж кабинеті, душ, отырыс залы, дәрігер кабинеті, қазылар мен жаттықтырушылар отыратын бөлме қарастырылған.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. ШҚО-да олимпиадалық типтегі заманауи жабық бассейннің ашылу рәсімі өтті.

Бассейннің салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Ибдіхалыкова, білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, сонымен қатар, олимпиадалық чемпион Ольга Рыпакова мен ҚР Су спорты федерациясының вице-президенті Алан Балфанбаев қатысты.

"Біздің облысымызда осымен 5 жыл қатарынан "Туған жерге тағзым ет" акциясы жұмыс істеп келеді. Бұл біздің демеуші кәсіпорындарымыз "ҚазАтомПром" мен "Қазцинктің" арқасы. Сонымен, осы игі бастама аясында соңғы жылдары облысымызға 23 млрд. теңге тартылды. Демалыс күндері балаларымыз бен жастар спортпен шұғылдансын деп біз спорттық және мәдени нысандарды тұрғыздық" , - деді өз сөзінде аймақ басшысы Б. Сапарбаев.

Айта кетерлік жайт, спорттық ғимарат 5 блоктан тұрады. Оның ішінде киім ауыстыратын, массаж кабинеті, душ, отырыс залы, дәрігер кабинеті, қазылар мен жаттықтырушылар отыратын бөлме қарастырылған.

Сонымен қатар, жүзушілер мен жарысты тамашалауға келетін қонақтар үшін барлық жағдай жасалған, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығынан хабарлады.

Бассейннің көлемі - 1050 шаршы метр, тереңдігі - 1,8 м ден 4,12 м дейін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны