10.12.2013, 18:50 3038

ШҚО-да тұруға жарамды және күн сәулесі батареяларынан қуат алатын вагондар шығарыла бастады

Жайлауға машықтандырылған вагондар көшіп-қонуға ыңғайлы. 30 градус аяз бен 40 градус ыстыққа шақталған вагондарға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын жеңілдетпек.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Жайлауға машықтандырылған вагондар көшіп-қонуға ыңғайлы. 30 градус аяз бен 40 градус ыстыққа шақталған вагондарға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың жұмысын жеңілдетпек. Бұл жөнінде Жарма ауданының әкімі Инуарбек Мұхтарханов баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Екі бөлмелі шағын баспананың жаңалығы - күн сәулесі батареясы және жел арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. Бұған қоса, газ бен жылу пештері де орнатырылған. "Жарма Құрылыс Газ" ЖШС-сінің басшысы Виктор Исабаевтың айтуына қарағанда, вагондардың жалпы құны 1 млн. 900 мың теңгеден 3 млн. теңгеге дейін.

Алғашқы "шағын баспаналар" - Бесқарағай және Қатон-Қарағай аудандарына жөнелтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны