20.05.2014, 21:58 4542

ШҚО-да "жасыл апта" шаралары басталды

2014 жылдың 20 мен 26 мамыр аралығында "OSKEMEN EXPO -2014" инновациялық көрме өткізу аясында "Жасыл апта" деген жалпыға ортақ атаумен бірқатар шаралар өтеді.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan today. 2014 жылдың 20 мен 26 мамыр аралығында "OSKEMEN EXPO -2014" инновациялық көрме өткізу аясында "Жасыл апта" деген жалпыға ортақ атаумен бірқатар шаралар өтеді.

"Жасыл апта" шеңберінде Өскеменде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де жас өнертапқыштардың слеті өтті. Сонымен қатар, жас дарындардың баламалы энегрия көзі, өндіріс, IT-технология салаларында ойлап тапқан өнертабыстарының көрмесі өтті, деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.

23 мамырда "OSKEMEN EXPO -2014" қолдау көрсету мақсатында "Грин-Пати" жастар акциясы өткізіледі. Ал, 24 мамырда спорт сүйер қауым үшін Ертістің бойында "Жасыл миля" деген атаумен жүгіру ұйымдастырылады. Игі шаралар тізбегін "EXPO алеясы" акциясы жалғастырады. Оның аясында 2017 тал Назарбаев зияткерлік мектебінің ауласында отырғызылмақ. Сонымен қатар, 26 мамырда қаланың көшелерінде велошеру өткізіледі.

Айта кетерлік жайт, бұл шаралардың барлығы көрмеге тек қолдау көрсету үшін емес, тәрбиелік мақсатта іске асырылуда. Барлық шараларға жастар мен бүлдіршіндер қатыстырылады деп күтілуде және ол салауатты өмір салтын, табиғатқа деген жанашырлықты, білім мен жетістікке жетуді насихаттайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны